Орынбор қаласында билік халықты эвакуациялауға шақырды

0
364

Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 8:00-де 897 см-ге жетті.


Орынбор қаласында билік халықты эвакуациялауға шақырды

ERNUR.KZ. Су басу қаупі бар аймақта жүрген адамдардың барлығы дереу эвакуациялануға шақырылды, деп жазады inform.kz.

«Сағат 10:40-та Орынборда сирена дауысы естілді. Облыс орталығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 08:00-де 897 см-ді құрап отыр, су басу қаупі бар аймақта жүргендердің барлығы дереу эвакуациялануы тиіс», - делінген Орынбор мэриясы таратқан хабарламада.

Билік өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағында Жайық және Сакмара өзендері алқаптарында орналасқан саяжайлар бар: Куйбышев атындағы кент ауданында орналасқан бау-бақша серіктестігі, Протопоповская, Зауральная тоғайларында, Овчинная қалашығы, Дубки және Дубовый Плес, Сакмара өзені жанындағы бау-бақша серіктестіктері, сондай-ақ Форштадт аудандары, Кузнечный, Ситцовка, Пристанционный, Заречный, Подмаячный, Солнечный кенттері, Овчинный қалашығы және Куйбышев кенті.