Өскемен және Шүлбі ГЭС-терінің мемлекетке тиесілі үлесі «Самұрық-Қазына» қорына берілді

0
383

Аталған қаулыны іске асыру үшін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылдауы керек.


Өскемен және Шүлбі ГЭС-терінің мемлекетке тиесілі үлесі «Самұрық-Қазына» қорына берілді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен» және «Шүлбі» гидроэлектр стансаларының мемлекетке тиесілі үлестері «Самұрық-Қазына» қорына берілетін болды. Бұл туралы Үкіметтің қаулысында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін», - деп жазылған құжат мәтінінде.

Аталған қаулыны іске асыру үшін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылдауы керек.

Құжатта осыған байланысты Үкіметтің бұған дейін қабылданған кейбір шешімдеріне түзету енгізілетіні де айтылған.