Өскеменде 6 жасар қызды иттер талап кетті

0
811

Қайғылы оқиға жекеменшік үйдің аумағында болған.


Өскеменде 6 жасар қызды иттер талап кетті

ERNUR.KZ. Кеше Өскеменде қайғылы оқиға болды - қала шетінде иттер 6 жасар қызды талап кетті, деп жазады Tengrinews.kz

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Желіде жарияланды.
"Біз, Лесхоз аулының, "Надежда" бау-бақша серіктестігінің, "Эдельвейс" бау-бақша серіктестігінің тұрғындары, барлық жоғары тұрған органдар назарын аударуын сұраймыз! Өйткені, иттер кішкентай баланы талап кетті! Біз қауіпті аймақта тұрамыз, сондықтан бізге жабайы иттер жиі шабуыл жасайды! Қазір бұл бала үшін кім жауап береді? Неге олар жүйелі түрде иттерді ауламайды?", - деп тұрғындар Instagram-да үндеу жариялаған.
Қыздың ата-анасының көршілерінің айтуынша, қайғылы оқиға жекеменшік үйдің аумағында болған.
"Үйдің және оған іргелес аумақтың қоршауы жоқ, қыз аулада ойнап жүрген. Бәрі қалай болғанын ешкім көрген жоқ, бірақ екі итті байқаған - олардың овчаркасы мен басқа біреудің алабайы. Бейтаныс ит балаға шабуыл жасады ма, әлде иттер бір-бірімен төбелесіп, қыз оларды ажыратуға тырысты ма, оны ешкім білмейді. Бірақ көршілердің иті табылған жоқ", - деді көршілер.
Бүгін қыздың туған күні, ол 7 жасқа толар еді.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл деректі растады.
"Биыл 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі аталған дерек бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамасы тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Лесхоз кентінің тұрғындары жабайы иттер мәселесін бірнеше рет көтергенін айтады, балалар мен ересектерге жануарлар бұрын да шабуыл жасағаны туралы деректер келтірілді.
"Енді балаларымызды мектепке қалай жібереміз? Көшеде жарықтандыру да жоқ! Қалалық №47 маршрут сағат 18:00-де жұмысын аяқтайды! Осындай қауіпті аймақтағы балалар үйіне қалай жетеді? Біз бұрыннан қалаға кіреміз, бірақ әлі күнге дейін үңгірдегідей өмір сүріп жатырмыз! Үнемі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арыз жазамыз, полиция шақырамыз, бірақ әлі ешкім ештеңе істеген жоқ!", - деп жазды олар желіде.