Өскеменде адамдарды құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келген: видео

0
515

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Өскемендегі жол апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті түсірілген видеоны таратты.


Өскеменде адамдарды құтқару үшін көлікті

ERNUR.KZ. Өскеменде жол апатынан зардап шеккендерді құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Өскемендегі жол апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті түсірілген видеоны таратты.

"22 қыркүйекте құтқарушыларға Бажова көшесінде жол-көлік оқиғасы болғанын, оның салдарынан көлікте қалып қойған зардап шеккендер бар екені туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыны қираған көліктен шығаруға кірісті. Ер адамның аяғы қысылып қалған", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.