Өскеменде ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

0
362

Оқиға Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған.


Өскеменде ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында төртінші қабаттан құлап кеткен ер адам аман қалды, деп жазады inform.kz.

Оқиға Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлап кетті.

«34 жастағы ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шегушіні шатырдан түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған», - делінген ақпаратта.

Алдын ала дерек бойынша ер адам шатырдан өзі секірмеген. Терезеден еңкейіп қарағанда абайсызда құлап кеткен.