Өскеменде қоғамдық орында жас қызға тиіспек болған ер адам ұсталды

0
979

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Өскеменде қоғамдық орында жас қызға тиіспек болған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Өскеменде қоғамдық орында жас қызға тиіспек болған 40 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға тапа тал түсте қала орталығында болған. Желіде осы оқиғаға қатысты ақпарат тарады.

"Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, 40 жасар күдіктінің осыған дейін соттылығы болмаған әрі ешқандай есепте тұрмаған.