Өскеменде мейрамхана өртенді

0
456


Өскеменде мейрамхана өртенді

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында мейрамханада шыққан өрт ауыздықталды, деп жазады kaz.inform.kz.



ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесінде жеке тұрған бір қабатты мейрамхана өртенген. Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға болған жерге шұғыл барды.

«Сағат 06.53-те оқшауланған тілсіз жау 07.49-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккен ешім жоқ. Өртпен күреске ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 9 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әзірге оттың неден шыққан белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.