Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген

0
405

Комитет төрағасы ведомствоның аппарат жиынында пеагогтерді басы артық жұмысқа тарту фактілері туралы айтты.


Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Комитет төрағасы ведомствоның аппарат жиынында пеагогтерді басы артық жұмысқа тарту фактілері туралы айтты.

«Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінгі таңда біздің департаменттерде барлығы 182 факт тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр», - деді Ернұр Дауенов.

Оның сөзінше, сондай деректердің бірі жуырда Өскеменде тіркелген.

«Осы аптада Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №46 мектептің педагогінен менің атыма арыз келіп түсті. Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазіргі таңда факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады», - деді комитет төрағасы.