Өскеменде жоғалып кеткен жігіт бір айдан бері табылмай жатыр

0
501

Өскеменде 19 қыркүйек күні 1995 жылы туған Мустафинов Андрей Виталиевич есімді азамат үйінен шығып, қайтып оралмаған.


Өскеменде жоғалып кеткен жігіт  бір айдан бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Андрейдің анасы оның телефоны мен жеке заттарын өзімен бірге алмағанын айтады. Сол күні жоғалған азаматтың анасы ұлын іздеуге полицияның көмегіне жүгінген, деп жазады inbusiness.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын Андрейдің анасы Мустафинова Ольга Ивановна әлеуметтік желіде полицейлердің іздеу жұмыстарына көңілі толмай, видео үндеу жасаған. Онда анасы ұлының телефонына белгісіз біреудің қоңырау шалғанын, ал атқарушы орған сол нөмердің кімге тиесілі екендігін анықтай алмағандығын айтқан.

– Екі күн бұрын Полиция басқармасының бастығынан көмек сұрадым. Олар бұл істі жеделдетіп қарастырып жатыр. Кеше прокуратураға бардым, енді істің нәтижесін күтіп отырмын. Тағы бір-екі күн күтемін, егер өзгеріс болмаса, мәселені қайта бейнежазба ретінде көтереміз. Барлық заттары: телефон, құжаттары үйде қалған. Бір ойым, әлдебіреулер ұлымды үйден алып кетті немесе бір танысы шақырып алған, – дейді Ольга Ивановна.

Ал облыстық Полиция департаменті істі қарап жатқандықтарын айтады.

– 19 қыркүйекте Өскемен қалалық Полиция басқармасына Мустафинова О.И хабарласып, ұлының жоғалып кеткенін айтты. Андрей Виталиевич Мустафиновты табуға көмек сұрады. 1995 жылы туған жігіт 19 қыркүйекте таңғы саған 09:00 шамасында үйінен шығып, оралмаған. Қазіргі уақытта полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып жатыр, – деді Полиция департаменті.

Ер адамды көргендер немесе ол туралы қандай да бір мәлімет бере алатындар мына телефондарға хабарласуына болады: 8-705-623-83-50 (Андрейдің анасы), 8-705-874-37-66 (Антон).