Өскеменде зираттарды бүлдірген екі адам ұсталды

0
791

Анықталғандай, олар бұрын да зираттар орналасқан басқа жерлерде байқалған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр.


Өскеменде зираттарды бүлдірген екі адам ұсталды

ERNUR.KZ. Өскеменде тәртіп сақшыларына зираттағы вандализм фактісін анықтады, деп жазады Экспресс К.

"Белгісіз біреулер "Аблакетка" шағын ауданындағы зиратқа зақым келтірген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады. 23 және 30 жастағы екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді",— деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Анықталғандай, олар бұрын да зираттар орналасқан басқа жерлерде байқалған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олардың зиратты не себепті бүлдіргендері әзірге белгісіз.