Отандық ғалымдар апортты қайта жандандыруды қолға алды

0
561

Қазір республикамыздың ғалымдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша апортты қайта жандандырумен айналысып жатыр.


Отандық ғалымдар апортты қайта жандандыруды қолға алды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Алматыдағы Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының жанынан ашылған шағын зауыт топырақтың мұнайдан ластануын тазартатын биологиялық өнімдер шығарумен айналысады.

Атап айтқанда соя дақылының өсуіне мүмкіндік беретін биологиялық өнім шығарады, топырақты биологиялық таза азотпен байытады, өнімділігін арттыру үшін бұршақ дақылдарының тұқымдарын өңдеуге арналған биологиялық өнім де шығарады. Бұл өнімді отандық компаниялар көп сатып алады. Қазір орталықтың ғалымдары бірқатар маңызды жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Мысал ретінде айта кетейін, жеміс дақылдарының бактериялық күйіктерімен күресу үшін микробтық препараттар әзірлеуде. Бұл ең маңызды зерттеу деп атауға болады. Өйткені бактериялық күйік жеміс дақылдарының қауіпті ауруларының бірі болғандықтан, ол карантиндік объектілерге жатады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр ғалымдар алмалардың патшасы – апортты қайта жандандырып жатқанына тоқталды.

Қазір республикамыздың ғалымдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша апортты қайта жандандырумен айналысып жатыр. Қазақстан үшін бұл ауру салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған өсімдік дерті. Елімізде алғаш рет бактериялық күйік 2000 жылдардың басында тіркелді. Бірақ оның ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Соңғы жеті жыл ішінде осы ауруды жұқтырған бақтар алаңы 40 есе көбейді. Бұл ауру жеміс ағаштарының барлық белгілі ауруларына қарағанда зиянды, өйткені зақымданудан 1-2 жыл өткен соң бүкіл ағаштың өліміне әкеледі. Ал өндіріс жағдайында, бактериялық күйік зақымданған кезде, өсімдікті ғана кесіп қана қоймай, 30 км радиуста қалған барлық ағаштарды жұлып алып, өртеп жіберуге тура келеді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді және қауіпсіз әдістері әлі жоқ, - деді Ербол Қарашөкеев.

Мәлімдеуінше, химиялық бақылау әдістері инфекцияның дамуын азайту және жаңа инфекциялардың алдын алу үшін қолданылады. Отандық ғалымдар осы аурудан органикалық емдеу және қорғауды дамытады.