"Өз еркімен берілген жоқ": Полиция Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

0
648

Полицейлер күдікті ер адам іздеуде жүргенде өзі беріліп, келмегенін, бірақ олай істеуге мүмкіндігі болғанын айтты.


ERNUR.KZ. Қарағанды облысының полицейлері бұған дейін жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны үшін іздеуде болған Нұрболат Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Полицейлер күдікті ер адам іздеуде жүргенде өзі беріліп, келмегенін, бірақ олай істеуге мүмкіндігі болғанын айтты.

"Іздеудегі күдікті Дәкібаев заңды түрде де және іс жүзінде де өз еркімен берілген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамның өз еркімен берілуі қарастырылған. Бұл жағдайда айыбын мойындау немесе полиция бөліміне өз еркімен келуі болған жоқ. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Дәкебаев ұсталды", - деп түсіндірді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Ресми деректерге сәйкес, қылмыстық істі тергеу істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.