Өзбекстан қазақстандық әуе компанияның Самарқандқа рейс орындауына рұқсат бермеді

0
484

Билеттердің толық құны қайтарылады немесе оны аптасына екі мәрте қатынайтын Түркістан-Ташкент рейсінің билетіне ауыстыруға болады.


Өзбекстан қазақстандық әуе компанияның Самарқандқа рейс орындауына рұқсат бермеді

ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясы рейстерді орындауға рұқсат берілмеуі себебіне байланысты Самарқандқа ұшуды тоқтатады, деп жазады Zakon.kz.

"Өкінішке қарай, Өзбекстанның әуе басшылығы қазақстандық компания жолдаған өтінішке рұқсат бермеген. Осыған байланысты 6 сәуірге жоспарланған рейс ұшпайды. Билеттердің толық құны қайтарылады немесе оны аптасына екі мәрте қатынайтын Түркістан-Ташкент рейсінің билетіне ауыстыруға болады. Бұдан кейін жағдай өзгеріп жатса, компания жолаушыларды хабардар етеді", делінген әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алда FlyArystan екі ел арасындағы мемлекетаралық мәмілені кеңейтіп, Өзбекстанға рейстер кестесін нығайтуға болатынына үміттеніп отыр.