Өзбекстан хайуанаттар бағында Қазақстаннан алынған керік аяздан өлді

0
597

Керік Қазақстаннан 2018 жылы әкелінді. Жануардың лақап аты Максим еді.


Өзбекстан хайуанаттар бағында Қазақстаннан алынған керік аяздан өлді

ERNUR.KZ. Ферғана хайуанаттар бағының директоры Тұрсынәлі Мамажонов Қазақстаннан алынған керіктің қаңтар айында қатты аяз кезінде ауырып, өлгенін айтты, деп жазады stan.kz.

Керік Қазақстаннан 2018 жылы әкелінді. Жануардың лақап аты Максим еді.

"Ол тұрған бөлме кішкентай болғандықтан, оны далаға серуендеуге шығаратынбыз. Соңғы уақытта ол көп жатып қалды. Суық күндері сыртқа шығарғандықтан, суық тиген. Оны жануар өлгеннен кейін білдік. Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту басқармасынан, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Денені тексергенде ауырғаны анықталды. Керік еті жануарларға таратылды", – деді Тұрсынәлі Мамажонов.

Сол күндері кейбір құстар да мерт болды.