Париж сән апталығында 99% ауадан жасалған сөмке көрсетілді

0
296

Vogue басылымының хабарлауынша, ультра заманауи мөлдір әмиянның салмағы небәрі 33 грамм.


Париж сән апталығында 99% ауадан жасалған сөмке көрсетілді

ERNUR.KZ. Париждік Coperni сән бренді NASA-мен бірлесіп Air Swipe сөмкесін шығарды. Бұл аксессуар 99% ауадан және 1% шыныдан жасалған, деп жазады stan.kz.

Vogue басылымының хабарлауынша, ультра заманауи мөлдір әмиянның салмағы небәрі 33 грамм. Көлемі стандартты шаммен бірдей дейді.

Бренд инновациялық аксессуарды Кипр Америка университетінің суретшісі және кремний аэрогельдерін зерттеуші Иоаннис Михалудиспен бірге әзірледі. Дизайнерлер оны жасау үшін 15 прототип қажет екенін айтты.

Бұлт тәрізді дорба наноматериалды кремнеземнен жасалған ең үлкен нысан, аэрогель, ол Жер планетасындағы ең жеңіл қатты зат. NASA оны жұлдызды шаңды ұстау үшін пайдаланады.