​Паттайя су астында қалды

0
985

Қаладағы бірінші қабаттағы үйлер мен жертөлелердің көбін су басып, солтүстік бөлігіндегі бөгетке нұқсан келген.


​Паттайя су астында қалды

ERNUR.KZ. Таиландтың Паттайя курорты қаласы 2 сағатқа созылған нөсерден су астында қалды, деп жазады 24.kz.

Аз ғана уақыттың ішінде шаһардың кей көшелеріндегі судың деңгейі 1 жарым метрге дейін жетті. Қаладағы бірінші қабаттағы үйлер мен жертөлелердің көбін су басып, солтүстік бөлігіндегі бөгетке нұқсан келген. Бірақ қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Ал ауа райын болжаушылар алдағы уақытта да қалың жаңбыр болатынын ескертуде. Осыған байланысты билік тұрғындар мен саяхатшыларды барынша абай болуға шақыруда.