Павлодар ауданында оқушы қыз суицид жасады

0
640

Қайғылы жағдай Черноярка ауылында болған.


Павлодар ауданында оқушы қыз суицид жасады

ERNUR.KZ. Павлодар ауданында оқушы қыз өз-өзіне қол салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 маусым күні таңғы сағат 5-те Черноярка ауылында кәмелетке толмаған қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына ауыл фельдшері мен жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер 16 жасар қыздың механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады», – деді «103» баспасөз қызметінде.

Өңірлік полиция департаменті ҚР ҚК 105-бабының үшінші бөлігі – «өзіне-өзі қол жұмсау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.