Павлодар облысында бір қала кеміді

0
699

Мұндай ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты.


Павлодар облысында бір қала кеміді

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы мәслихатта Курчатов аумағын Абай өңірінің юрисдикциясына беру қаралды, деп жазады tengrinews.kz.

Мұндай ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты.

Ол жаңа Абай облысы Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының сегіз ауданынан құрылғанын атап өтті. Оның құрамына Павлодар облысының шегінде болған, бірақ іс жүзінде ШҚО-ға бағынатын Курчатов та кірді.

"Қаланың жалпы ауданы 11 гектар. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді, олар қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.