Павлодар облысында екі бала терезеден құлап кетті

0
594

Төрт жасар ер бала мен екі жасар қыз үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен.


Павлодар облысында екі бала терезеден құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Қалқаман елді мекенінде екі бала терезеден құлап түскен, олар ауруханада жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Төрт жасар ер бала мен екі жасар қыз үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Екеуі де Павлодар облысы балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі бала жабық бас сүйек жарақатын алған, миы шайқалған. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты.
Бүлдіршіндер ауруханада қажетті ем алып жатыр, дейді дәрігерлер.