Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті

0
431

Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілді.


Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қараша күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен оқушы ауруханаға жеткізілді.

Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.

«ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерден жолды кесіп өткенде мұқият болуды сұрайды.