Павлодар облысында ірі жол апат болды

0
781

Қайғылы оқиғадан 1 адам қаза тауып, тағы 12-сі жарақат алды.


Павлодар облысында ірі жол апат болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында ірі жол апат болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиғадан 1 адам қаза тауып, тағы 12-сі жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде сағат 21:40-та Екібастұз - Нұр-Сұлтан автожолында болған.

"Audi-100 автокөлігінің 1993 жылы туған жүргізушісі, Павлодар облысының тұрғыны басты жолға кіреберісте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны басқаруындағы Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Audi-100 автокөлігінің 1953 жылы туған жолаушысы, Екібастұз тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның ақпараты бойынша, қалған 12 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бес бала түрлі жарақаттармен Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. "Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды",- деп атап өтті аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.