Павлодар облысында мотоцикл мінген оқушылар жол апатына түсті

0
538

Жол апаты салдарынан 2008 жылы туған мотоцикл жүргізушісі мен 2009 жылы туған жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті.


Павлодар облысында мотоцикл мінген оқушылар жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Баянауылда жеңіл көлік жүргізушісі екі жасөспірім мінген мотоциклмен соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

12 қыркүйек сағат 18:00-де Баянауыл ауылында Toyota Camry V10 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, YAQI маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Ал мотоцикл тізгінінде 14 жастағы жасөспірім отырған.
Жол апаты салдарынан 2008 жылы туған мотоцикл жүргізушісі мен 2009 жылы туған жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті.
Полицейлер көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіліп жатыр.