Павлодар облысында трактор қағып кеткен ер адам мерт болды

0
754

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.


Павлодар облысында трактор қағып кеткен ер адам мерт болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында автокөлік пен трактор қағып кеткен екі адам мерт болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Беловка - Қалқаман автожолының 18 шақырымында «Toyota Land Cruiser-100» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кеткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Сол күні Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің жазық даласында МТЗ-92 маркалы трактордың жүргізушісі мас күйінде алдыңғы күрегімен жұмыс істеп жатқанда өтіп бара жатқан салт атты адамды қағып кетті. Апат салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», – дейді департаментте.

Жол-көлік оқиғалары бойынша тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрақтарына қойылды.