Павлодар облысында үш адам суға батып кетті

0
252

Екеуі тыйым салынған жерде суға түскен.


Павлодар облысында үш адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында үш адам суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар мен полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Алайда осыған қарамастан жағажайда орын алған қайғылы жағдайлар тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді.

«Екі ер адам тыйым салынған, жабдықталмаған жерлерде суға батып кетті. Ол оқиға Тереңкөл ауданы пен Екібастұз қаласында орын алды. Ал Павлодар қаласында Усолка жағажайында Торайғыров университеті колледжінің студенті суға батты»,–дейді Олег Трещев.

Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, былтыр шомылу мауысымы басталғаннан бері он бір адам және бір бала суға батып кетті. Оның үшеуі тыйым салынған жерлерде шомылған.

Жалпы Павлодар облысында 42 жағажай бар, қазір оның 23-де ғана шомылуға рұқсат етілген. Олег Трещевтың сөзінше, аптаның соңына дейін барлық жағажайлар іске қосылады деп жоспарланып отыр.