Павлодар облысында заңсыз бұлан аулау фактісі анықталды

0
641

Сараптама тағайындалды.


Павлодар облысында заңсыз бұлан аулау фактісі анықталды

ERNUR.KZ. Полицейлер автожолдан Железин ауданынын тұрғынын тоқтатқан. Одан бұланның мүйізі, басы, еті және екі ұңғылы мылтық тәркіленген, деп жазады inform.kz.

«Заңсыз тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Железин полиция бөлім учаскелік инспекторлары Лесное-Кузьмино автожолында Разделное ауылының маңында патрульдеу кезінде Железин ауданы тұрғыны тізгіндеген «ВАЗ 2113» маркалы автокөлігін тоқтатып, ұстаған. Оның жүк салғыш бөлігін тексеру кезінде бұланның мүйізі, басы және еті табылған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары «ИЖ-13» және «ИЖ-27 Е» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтықтар мен оқтар тәркілеген.
Бұл мылтықтар аңшылықпен айналысатын ауыл тұрғынының атына тіркелген.
«Ал ауыл тұрғынының жануардың осы түрін аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.
Сараптама тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.