​Павлодар облысында жасөспірім ақша табу үшін оқуын тастауға мәжбүр болды

0
483

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, бала шаруа қожалықтарының бірінде көкөніс жинау үшін жұмыс істегендіктен сабаққа қатыспаған және сабаққа баруға уақыты болмаған.


​Павлодар облысында жасөспірім ақша табу үшін оқуын тастауға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жасөспірім ақша табу үшін оқуын тастауға мәжбүр болды. Жасөспірімнің анасы жазаланады, деп жазады zakon.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полициясына колледж басшылығынан студенттердің бірі екі айға жуық себепсіз сабаққа қатыспағаны туралы өтініш түскеннен кейін жағдай жария етілді.

Істің барлық мән-жайларын қарау үшін біз аталған студентті, сондай-ақ Павлодар облысының Ақсу қаласында тұратын оның анасын анықтадық, - деп түсіндірді Успен ауданының ювеналдық полиция аға инспекторы Дамира Букаева.

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, бала шаруа қожалықтарының бірінде көкөніс жинау үшін жұмыс істегендіктен сабаққа қатыспаған және сабаққа баруға уақыты болмаған.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ата-ана ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы ПД.

Отбасының оқу орнынан құжаттарды алып кететіні атап өтілді, өйткені жасөспірім жиеніне қарау керек.

Мемлекеттік органдар бұл жағдайда отбасына көмектесуге дайын ба, жоқ па әлі хабарланған жоқ.

Бұл жалғыз жағдай емес. Павлодар полицейлері 2021 жылы кәмелетке толмаған балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін 382 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартты.