Павлодар тұрғынын жедел жәрдем көлігінен алып кетіп зорлаған

0
1 017

Күдікті жәбірленушіге бұған дейді зорлық көрсектен.


Павлодар тұрғынын жедел жәрдем көлігінен алып кетіп зорлаған

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғынын танысы жедел жәрдем көлігінен алып кетіп, аямай ұрып, зорлаған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының басшысы Дина Смаилова әлеуметтік желіде жазды, деп жазады Stan.kz.

Дина Смаилованың айтуынша павлодарлық қыз зорлық зомбылықты бұған дейін де көрген екен. Алайда полиция тұрмыстық кикілжің деп істі жылы жауып қоя салған.


"Бұл қыз 11 қазанда үйінен дүкенге бару үшін шыққан. Бірақ жолда бұған дейді жәбір көрсектен азамат ұрлап кеткен. Зорлап, күш көрсетіп, қорқытып келген", - дейді Дина желідегі жазбасында.


Қор жетекшісінің айтуынша, 12 қазанда қыз жәбір көрсетушіден амал тауып, қашып шығып, жедел жәрдем шақырған. Танысы жедел жәрдемнен көлігінен ұрлап кеткен.

Дәл осы күні анасы полицияға қызының ұрланғанын хабарлайды. Құқық қорғау орнына дәл осы ақпарат жәдел жәрдемнен де түседі.


"Зорлық көрсеткен азамат жәбірленушіні жалдамалы пәтерге апарған. Пәтер иесі қыз бас киімін шешіп, басы жарылғанын, қан ағып жатқанын ыммен көрсетсе де, дым көрмегендей кетіп қалған. Үй иесі күдіктіге полиция шақырмайтынын айтып, шу шығармауды және тәртіпсіздік жасамауды өтініпті", — деді қоғам белсендісі.


Оның айтуынша, күдікті түні бойы қызды ұрып-соғып, зорлаған, ал пәтер иесі келіп, олардың іздеуде жүргендерін айтқан кезде, зорлықшы бастаған ісін жалғастыру үшін басқа пәтерге кеткен.


"Ол жерде ұруын жалғастырған екен. Бірақ жәбірленуші енді жоғалтатын ештеңе қалмағанын түсініп, қорқынышты жеңіп қатты айқайлап жәрдем сұраған! Нәтижесінде көршілер полиция шақырып, олар болгаркамен есікті бұзып кірген", - деді Смаилова.


Қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, зрлықшыны полция ұстап әкеткен. Бірақ мұнымен іс бітпеді. Үш сағаттан кейін зорлықшыны босатып, іс әкімшілік жауапкершілік ретінде қаралған.


"Полиция бұл отбасылық-тұрмыстық жанжал деп есептей отырып, іс ашудан бас тартты! Қарсылық көрсетуге тырысқан жедел жәрдем қызметкерлерінің мәлімдемесін елемейді, ал әйел дәрігерлер жәбірленушіге көмектесті, ал жүргізуші қарап отырған! Полиция бұл қылмыскердің сөзін сөйлеп тұр, өйткені ол құнды ақпарат беруші! Ал жас, сұлу әйел бірнеше рет зорлық-зомбылыққа, өз өмірін тозаққа айналдырған азаматтың бір емес, бірнеше зорлығына көнуге мәжбүр", - деп атап өтті Дина Исмаилов.