Павлодарда 23 жастағы жұмысшы 12 метрлік биіктіктен құлап көз жұмды

0
754

Жұмысшы 1996 жылы туған.


Павлодарда 23 жастағы жұмысшы 12 метрлік биіктіктен құлап көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Павлодарда жөндеуші слесарь 12 метрлік биіктіктен құлап, көз жұмды, деп жазады holanews.kz.

Кеше кешкі сағат 16:20-да өндірістік цехтардың бірінің аумағында 1996 жылы туған слесарь көпірлі кранды бөлшектеп жатып, абайсызда 12 метрлік биіктіктен құлап кетті.

«Жас жігіт алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. Оқиғаны көрген куәгерлер бар. Еңбекті қорғау нормаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті ПД баспасөз қызметі.