Павлодарда бейтаныс адамды тұншықтырып өлтірген ер адам сотталды

0
462

Оқиға өткен жылы бизнес орталығының автотұрағында болған.


Павлодарда бейтаныс адамды тұншықтырып өлтірген ер адам сотталды

ERNUR.KZ. Павлодарда бейтаныс адамды тұншықтырып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Өткен жылдың тамыз айында түнгі сағат 01:00 шамасында масаң күйдегі ер адам «SMART» бизнес орталығының автотұрағында басқа бір тұрғынмен жанжалдасып, төбелескен. Сол сәтте ол бейтаныс адамның денесінен бірнеше рет соққы жасап, тұншықтырады. Ер адам механикалық асфиксиядан сол жерде көз жұмды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіру» фактісі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, сот ер адамды 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады», – деді соттың баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.