Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға түсіп кетті

0
415

Қазір ол ауруханада жатыр.


Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға түсіп кетті

ERNUR.KZ. Павлодарлық дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған баланың өмірін сақтап қалды, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы туған қызды 10 сәуір күні облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді", - деп нақтылады ауруханада.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кішкентай қыз соматикалық бөлімде ем алуда.