Павлодарда денсаулық сақтау басқармасы мерзімі өткен вакцина салу дерегін жоққа шығарды

0
341

Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылған.


Павлодарда денсаулық сақтау басқармасы мерзімі өткен вакцина салу дерегін жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакцина салу дерегіне қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басқарма өкілдері аталған ақпарат бойынша арнайы комиссия құрылғанын, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен вакциналардың болмағанын мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасынан жарамдылық мерзімі өткен вакциналар облыстың медициналық ұйымдарына берілмеген. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін, екпе жұмыстарының немқұрайлықпен жүргізілгендігі анықталған жағдайда, жауапты адамдарға қатысты сәйкесінше іс-шаралар қабылданатын болады», - делінген басқарма жауабында.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының мекенжайына өткізілген тексеріс қорытындылары бойынша актілер келіп түспегені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін прокурорлар Павлодар облысының прокуратурасы Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілгенін мәлімдеген болатын.