Павлодарда ер адам иіс тиіп қайтыс болды

0
2 472

Көз жұмған жігіт 1996 жылғы.


Павлодарда ер адам иіс тиіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға Павлодар қаласының маңындағы ауылдардың бірінде болған, деп жазады inform.kz.

«11 наурыз күні сағат 10.05-те полиция қызметінен жер үйде 3 адамның ес-түссіз жатқаны туралы хабар түсті. Жедел жәрдем бригадасы ер азаматтың қайтыс болғанын анықтады», - деп мәлімдеді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент бастығы Жасұлан Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған үш адам бір отбасы мүшелері екенін, оларға үйдегі пештің жарығынан иіс тигенін айтты. Көз жұмған жігіт 1996 жылғы. Оларды ең әуелі жұмыстағы әріптестері байқаған. Отбасы мүшелерінің біреуі мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді.

Жер үйлердегі өртену оқиғаларының жиілеп кетуі төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын алаңдатып отыр. Жылу маусымы басталғалы, яғни өткен жылдың қазан айынан бері облыста осындай 66 оқиға тіркеліп, салдарынан 5 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Тағы 9 адам жарақат алған. Ал өрттен келген жалпы материалдық шығын – 11 млн теңге.