Павлодарда қоқыс контейнерінің маңынан ер адамның мәйіті табылды

0
2 084

Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен әйел ұсталды.


Павлодарда қоқыс контейнерінің маңынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда қоқыс контейнерінің қасынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Stan.kz.


"Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.