Павлодарда командирдің бұйрығын орындамаған әскери қызметші жазаланды

0
643

Ол қызметтік міндетін өтеп жатқан кезде ұялы телефон пайдаланып, тәртіп бұзған.


Павлодарда командирдің бұйрығын орындамаған әскери қызметші жазаланды

ERNUR.KZ. Павлодарда командирдің бұйрығын орындамаған әскери қызметші қамауға алынады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 5512 әскери бөлімінің қатардағы сарбазына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот отырысында әскери қызметші тәуліктік кезекшілік кезінде, түнгі уақытта қызметтік міндетін өтеу кезінде интернетпен жабдықталған сенсорлы ұялы телефонды пайдаланғаны анықталды. Ол өз әрекетімен командирдің жазбаша бұйрығын орындамай, қызмет тәртібін бұзды.

«Сот қаулысымен қатардағы мерзімді қызметтегі сарбаз ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – деді Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.