Павлодарда маса санайтын сенсорлар орнатылуы мүмкін

0
737

Бұл дезинсекциялық жұмыстарды сапалы түрде бақылауға жол ашады.


Павлодарда маса санайтын сенсорлар орнатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жоба әзірлеуші компания өкілдерінің пікірлерінше, Павлодар мұндай жүйені енгізген әлемдегі бірінші қала болмақ, деп жазады baq.kz.

«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионы сауда жөніндегі директоры Леонид Муравьев айтқандай, облыс әкімдігімен әріптестік аясында Павлодарда үш мыңға жуық қауіпсіздік камералары орнатылады, жол қозғалысын автоматты түрде бақылайтын жүйе мен экологиялық мониторинг станциялары жүйесі құрылады.


Одан басқа шаһарда масаның қимылы бойынша олардың санын анықтайтын сенсорлар орнату көзделуде. Бұл дезинсекциялық жұмыстарды сапалы түрде бақылауға жол ашады.

Ол үшін белгілі бір өлшем керек: масаларды улағаннан соң олардың саны азайды ма, жоқ па. Жасанды интеллектке қосылған жылу камераларын орнатып, сол арқылы масалардың қимылы бойынша олардың санын анықтайтын сенсорларды бүкіл жағалауға орнатпақпыз, - дейді Леонид Муравьев.
Леонид Муравьевтің пікірінше, мұндай жүйенің баламасы әлемде жоқ.
Мәселенің осындай шешімі тіпті малярия проблемасы бар елдерде де жоқ. Осылайша бұл салада пионер болмақпыз. Сәтті шықса, мұндай жүйені өзге жерлерде де қолданатын шығармыз, - дейді Леонид Муравьев.
«Қазақтелеком» АҚ өкілінің айтуынша, компания Павлодар облысының әкімдігі тарапынан күшті әрі парасатты әріптес тапқанына қуанышты.


Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ мен Павлодар облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, деректерді өңдеу бойынша ТМД елдері арасында ірі орталықтың бірі Павлодарда орналасқан. Орталықтың жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды.