Павлодарда облысында ҰБТ-ға ақша жинаған шенеунік жұмысынан босатылды

0
965

Аудан әкімінің орынбасары БҒМ өкілдерімен оларға 3,4 млн теңге жинап беру туралы келісімге келе алмаған.


Павлодарда облысында ҰБТ-ға ақша жинаған шенеунік жұмысынан босатылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітова ҰБТ кезінде мектеп директорларынан ақша жинағаны үшін қызметінен босатылды. Енді ол академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайын басқарады, деп жазады baq.kz.

Еске сала кетейік, Бақыт Тоқжігітованы Баянауыл мектептерінің 20 директорынан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдеріне бақылауды әлсіретіп, ҰБТ бойынша сұрақтарға жауап беруге ақша жинауға тапсырма бергені үшін жазалаған болатын. Аудан әкімінің орынбасары БҒМ өкілдерімен оларға 3,4 млн теңге жинап беру туралы келісімге келе алмаған. Нәтижесінде мектеп директорларына ақша қайтарылды.

2018 жылғы 5 маусымда аталған факт ҚР ҚК 366 бабының 2-бөлігі - «елеулі мөлшерде пара алу» бойынша тіркелді, ал лауазымды адамдардың әрекеті екі күн өткеннен кейін ҚР ҚК 361-бабының 2-бөлігі – «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» бойынша ауыстырылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Тоқжігітованың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар екендігі дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұдан кейін бұл іспен әдеп кеңесі айналысып, аудан әкімінің орынбасары қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, Бақыт Тоқжігітова аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылған. Бүгінде ол академик Қ. И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайының басшысы болып тағайындалды.

"Ол өз еркімен жұмыстан босатылды", - деп нақтылады аудан әкімшілігінде. – 24 маусымнан бастап аудан әкімінің орынбасары болып Қанат Кәрімов тағайындалды. Оның соңғы жұмыс орны – «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ басшысының орынбасары.

Қанат Кәрімов 1964 жылы 26 тамызда Баянауыл ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих, қоғамтану және кеңес құқығы» мамандығы бойынша бітірген.