Павлодарда сәбиге қол көтерген тәрбиеші жұмысынан қуылды

0
583

Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы мен кіші топ тәрбиешісінің көмекшісінен түсіндірме хат алынды.


Павлодарда сәбиге қол көтерген тәрбиеші жұмысынан қуылды

ERNUR.KZ. Павлодардық ата-ана № 4 балабақшаға баратын қызының аяғынан көгерген белгілерді көріп, дабыл қақты. Нәтижесінде, тәрбиешінің балаға қол көтергені анықталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сәбидің анасы кіші топта не болып жатқанын білу үшін мекеме басшылығына жүгінген.

“Бақылау камераларын қарау кезінде баланың өзі төсектің жиегіне соғылып қалғаны анықталды. Алайда, одан әрі тәрбиеші көмекшісінің кіші «Б» тобының тәрбиленушісіне қол көтеру фактісі анықталды. Бұл оқиға 9 тамызда балаларды күндіз ұйқыға жатқызу кезінде болған”, - деп хабарлады облыстық білім басқармасында.

Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы мен кіші топ тәрбиешісінің көмекшісінен түсіндірме хат алынды.

Көмекшімен еңбек шарты бұзылып, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушыға сөгіс жарияланды.