Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды

0
387

Бала көптеген жарақаттар алған.


Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды

ERNUR.KZ. 15 жастағы қыз бала 22 желтоқсан күні биіктен құлаған болатын, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Бала көптеген жарақаттар алған. Сүйектердің, омыртқаның сынуы, жұлынның зақымдануы, ішкі органдарының көптеген зақымдануы болды. Ауруханамыздың дәрігерлері қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - деді облыстық балалар ауруханасында.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні сағат 17:06-да облыстық жедел жәрдем қызметіне 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. Қыз бала Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлаған.