Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды

0
373

Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.


Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Көп қабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кеткен 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алды. Екі жасар бүлдіршіннің құлағаны туралы қоңырау 6 қыркүйек күні сағат 11:17-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті.

Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Дереу шокқа қарсы реанимациялық іс-шаралар басталды. Алған жарақаттары өте ауыр болды.