Павлодарда сыныпты жөндейміз деп ақша жинамақ болғандардың заңсыз әрекеті әшкере болды

0
660

Ақша жинауға кім бұйрық берді? Мектеп басшылығының қатысы бар ма?


Павлодарда сыныпты жөндейміз деп ақша жинамақ болғандардың заңсыз әрекеті әшкере болды

ERNUR.KZ. Павлодарлық ата-аналардың Whatsapp желісі арқылы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстарына ақша жинау туралы көтерген әңгімелері әшкереленіп, іске құзырлы орган қызметкерлері араласты, деп хабарлайды Аstanatv.kz.


Павлодарлық Вячеслав Литовчинконың №9 гимназияда екі бірдей баласы оқиды. Бірі 5-ші, екіншісі 1-сыныпты бітірді. Бірақ, оқу жылы аяқталысымен, ата-аналар ватсап желісінде сынып бөлмесін жөндеу жұмыстарына ақша жинау туралы әңгіме көтерген. Артынша мағанда 3 мың теңге тапсыруымды талап етті дейді ол.


Біз мүлдем ақша тапсырмадық. Олар бізге 1 жыл бойы біздің есебімізден оқып, енді ақша тапсырғыларың келмейді. Ұяттарың жоқ - деп қоқан-лоққы жасады. Сосын мен бұның заңсыз екенін айтып, құзырлы органдарға шағымданатынымды жеткіздім. Сосын олар мені топтан шығырып жіберді, - дейді Вячеслав Литовчинко


Ақша тапсырмадың деп жеккөрінішті болған ол, енді балаларын басқа мектепке ауыстыруды ұйғарып отыр. Өйткені, бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де сыныпқа қажетті құралдар алу керек ата-аналар ақша жинаған, деді. Ал ата-аналар комитеті жөндеу жұмыстарына мүлдем ақша жинамағандарын айтып ақталды.


Мен бұл мәселені мүлдем түсінбедім. Бізде жөндеу жұмыстарына ақша жинау деген болған емес. Ешкім ешкімнен ақша талап етпеді. Бұл іске мектептің де, мұғалімнің де еш қатысы жоқ, - дейді ата-аналар комитетінің мүшесі Анжела Велюценко.


Мектеп басшылығы да мұндай бұйрық болмағанын жеткізді. Ватсап желісіндегі ата-аналардың тобынан хабарсыз екендерін де айтады.


Біздегі басты проблема ата-аналардың мектеп чатынан бөлек жеке чат ашып алғанында болып тұр. Өйткені онда мектептен не мұғалім, не әкімшілік өкілдері кірмейді. Тек ата-аналар өздері ғана отырады екен. Онда біз не болып жатқаны білмейміз. Өйткені, бізді қоспаған. Сондықтан, біз ештеңе білмедік, - деп мәлімдейді мектеп диреткоры Светлана Завальная.


Мәселеге жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері араласты. Құзырлы мамандар оқу ордасының ата-аналар комитетімен кездесіп, ақша жинау заңсыз екенін тағы бір ескертті.


Ата-аналар бұлай ақша жинауды жемқорлық деп ойламауы да мүмкін. Бірақ, бұл тұрмыстық жемқорлыққа жатады. Сондықтан, бұл жемқорлықтың басы. Яғни, әр нәрсе кішкентайынан басталаны секілді қазірден балаларға мәселені ақшамен шешуге болады деген түсінік қалыптастырып алуымыз мүмкін. Сондықтан, әр ата-ана бұның жемқорлық екенін түсінуі керек, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин

Мектеп басшылығы да алдағы уақытта ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап қойды.


Дейтұрғанмен жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеру жұмыстарын бастап кетті. Ата-аналардан заңсыз ақша жинаған тұлғаны анықтап, оны жауапгершілікке тартпақшы.