Павлодарда төтенше жағдай жарияланады

0
440

Сондай-ақ, қала маңы округтерге де табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады.


Павлодарда төтенше жағдай жарияланады

ERNUR.KZ. Павлодар мен қала маңындағы ауылдарда жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қол қойған шешім жобасы "Ашық құқықтық актілер" порталында жарияланды.

"Қолданыстағы заңнаманы және Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2023 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс отырысының хаттамасын негізге ала отырып, Павлодар қаласының және Ленинский, Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын", делінген құжат жобасында.

Павлодар әкімдігі өткен демалыс күндері өңірде болған дауылдың салдарын жою үшін жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланып жатқанын растады.

Жобаны қоғамдық талқылау 21 қарашада аяқталатыны хабарланды.

Айта кетейік, павлодарлық коммуналдық қызметкерлер апат салдарын жоюды жалғастыруда. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыста 33 ауыл жарықсыз қалған. Дауылдан келген шығын көлемі әлі есептелуде.