Павлодарда зейнеткер көршісінің көлігіне "зелёнка" шашты

0
379

Егде жастағы әйел жасаған ісін мойындаған.


Павлодарда зейнеткер көршісінің көлігіне

ERNUR.KZ. Павлодарда зейнеткер көрші әйелмен жанжалдасып қалғаннан кейін, оның көлігіне "зелёнка" төккен, деп жазады Stan.kz.

Судья Марат Мұсабаев Павлодар әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты әйелді ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартқанын хабарлады.

Бұзақылық үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы арқылы анықталған. Зардап шеккен әйел видеодан жоғары қабатта тұратын көршісін таныды. Бұған қоса, сол күні кешке көршісі балағаттап, екі әйел арасында жанжал шыққан. Егде жастағы әйел жасағанын мойындап отыр.

Оған 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 585 теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Мұндай әрекет үшін он тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Алайда зейнеткердің жасы ескерілді.

Зардап шегушіге материалдық шығын азаматтық-құқықтық тәртіпте өтелуі мүмкін.