Педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры сотталды

0
720

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры сотталды

ERNUR.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Қарасай аудандық сотының үкімімен университеттің бұрынғы басшысы Гауһар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы филиалының Қарасай жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Қарасай аудандық бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемалді шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Барлығына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандар университетке тиесілі 9 гектар жер учаскесін таныс адамдардың атына ресімдеп, сатып жіберген. Соның салдарынан университетке 95,5 миллион теңге шығын келді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.