"Пештегі тамақ қараусыз қалған": Қостанай облысында газ жарылды

0
2 100

Өрт асүйдегі пеште тамақ пен қайнап жатқан суды қараусыз қалдыру салдарынан шыққан.


ERNUR.KZ. Лисаковте пеште тұрған тамақты қараусыз қалдыру салдарынан газ жарылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 27 наурызда Лисаков қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі пультіне 5 шағын ауданындағы 5 қабатты үй пәтерлерінің бірі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт асүйден шыққан.

"Өрт асүйдегі пеште тамақ пен қайнап жатқан суды қараусыз қалдыру салдарынан шыққан. Газ қоспасы ауаға жайылып, нәтижесінде жарылыс болған. Көрші екі пәтер арасындағы жұқа қабырға қирады. Пәтерде 1993 жылы туған ер адам болған. Көрші пәтерде үш ересек тұрғын және он айлық сәби болғаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін қолда бар құралдармен сөндірілді.