Петропавл іргесіндегі бірнеше елді мекенге тасқын судан қауіп төніп тұр

0
723

Синоптиктердің айтуынша, Есіл өзені Петропавл маңында көтеріліп келеді.


Петропавл іргесіндегі бірнеше елді мекенге тасқын судан қауіп төніп тұр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы сабасына түсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бөгет үстіндегі ағыстың деңгейі 33 сантиметрге төмендеді. Синоптиктердің айтуынша, Есіл өзені Петропавл маңында көтеріліп келеді. Осыған байланысты қала іргесіндегі бірнеше елді мекенге қауіп төніп тұр. Әсіресе Заречный кенті тағы да судың ортасында қалуы ықтимал дейді мамандар. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өзен бойындағы ауылдарды бақылауға алып, көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Таңғы 8-дегі мәлімет бойынша, Сергеев қоймасындағы су 162 сантиметрге асып, ағып жатыр. Ол әлі де төмендейді. Бірақ сәуірдің 15-і толқын екінші рет көтерілуі мүмкін. Қоймаға Ақмола облысындағы Жабай мен Қалқұтан өзендері құяды, - дейді «Қазгидромет» МКК ОФ директоры Қымбат Мерғалымова.