Петропавлда бір отбасыдағы үш адам өлі табылды

0
520

Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсібі болған.


Петропавлда бір отбасыдағы үш адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы Жұмысшылар ауылында үш кісі өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Бейресми мәлімет бойынша, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйел және олардың кәмелетке толмаған ұлы.

Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсібі болған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жантүршігерлік қылмысқа күдіктілер ізін суытпай ұсталғанын хабарлады.

"Полицейлер Петропавлдың екі тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объектив зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Факт ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.