Петропавлда футбол алаңында құлаған жас жігіттің өлімі: полиция пікір білдірді

0
647

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Петропавлда футбол алаңында құлаған жас жігіттің өлімі: полиция пікір білдірді

ERNUR.KZ. Петропавлда футболдан жаттығу кезінде ішіне доп тиіп көз жұмған жасөспірім өліміне қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция мәліметінше, 16 қазанда сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

«Жас жігітті Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлердің алып кеткені анықталды. Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, жас жігіт футбол алаңында ойнап жүріп, ішінен тиген қатты доп салдарынан өзін жайсыз сезіне бастаған. Артынша көгалға шүйдесімен құлап, сол күйі комаға түскен. Жасөспірім 20.10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде қайтыс болған.