Петропавлда футбол алаңында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

0
540

Қайғылы оқиға 16 қазанда кешкі уақытта болған.


Петропавлда футбол алаңында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

ERNUR.KZ. Петропалда футболдан жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 16 қазанда кешкі сағат 19.00 шамасында Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.

Жедел жәрдем станциясына сағат 18.36-да қоңырау түскен, ал 18.40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.

«2005 жылы туған жасөспірім футбол жаттығуы кезінде жарақат алды. Оның ішінің жоғарғы бөлігіне доп тиіп, көгалға құлаған, сол кезде шүйде тұсынан соққы алған. Жасөспірімге «нақтыланбаған жүректің тоқтауы, кома және жабық бас-ми жарақаты» деген диагноз қойылды», - делінген хабарламада.

Жасөспірім 20.10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде қайтыс болды.