Петропавлда қар астындағы шөпті шауып жүргендер күлкіге қалды

0
660

Бұл қаладағы осындай бірінші жағдай емес.


Петропавлда қар астындағы шөпті шауып жүргендер күлкіге қалды

ERNUR.KZ. Естімеген елде көп. Петропавлда қыста шөп шауып жүрген адамдар күлкіге қалды, деп жазады 24.kz.

Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыланды. Видеода бір топ жұмысшы шөп шабатын құрылғымен қардың астындағы көкті орып жүр.

Бұны бірі сынап жатса, дені келеке қылуда. Бұл қаладағы осындай бірінші жағдай емес. Бұған дейін де арнамыздың аймақтағы тілшілеріміз қармен бірге тас төсеп жатқан жұмысшыларды көрсеткен еді.