Петропавлда қыздар аялдаманың тас-талқанын шығарды

0
579

20 жастағы бойжеткендер масаң күйде болған.


Петропавлда қыздар аялдаманың тас-талқанын шығарды

Петропавл полицейлері аялдаманы сындырған қызды ұстады, – деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 қыркүйек таңғы сағат 5 шамасында полицияға қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдар Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанындағы аялдаманы сындырғаны туралы хабарлаған. Шақырту бойынша келген полиция жасағы оқиға орнында 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады, олар масаң күйде болған. Олардың айтуынша, біреуі аялдамада тұрған уақытта эмоцияға ерік берген.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналды. Материал сотқа жіберілетін болады.

"Бұл облыс орталығында аялдама павильондарын зақымдаудың алғашқы жағдайы емес", — дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес – сыртқы полиция бөліністерінің мендеттерінің бірі.

Бұл қоғаммен өзара іс-қимыл жасаған уақытта ғана шешімін табады. Адамдардың бей-жай қарамауы бұл күрестің тиімділігіне кепіл болады. Полицияға уақтылы жүгіну қысқа мерзімде құқық бұзушылардың жеке тұлғасын анықтау мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түседі.